Art Collider мектебінің бағдарламасы: Steppe Space 

Жаз-Күз легі 2021

1. Әлеуметтік өлшемдегі өнер

Әйгерім Қапар

Бірегей куратор, Artcom Platform және Art Collider бастамашысы, Белградтағы WCSCD кураторлық бағдарламасының тьюторы.

 

Вато Церетели

 

Суретші, фотограф, куратор, креативті әкімші, Тбилисидегі, Тбилиси триенналындағы Заманауи өнер Орталығының негізін қалаушы. Тбилисиде кино саласын және Антверпендегі (Бельгия) өнер Академиясында фотография өнері бойынша оқыған. Грузиядағы және шетелдердегі көптеген арт-жобалардың қатысушысы және кураторы болған, сонымен қатар 2009 және 2011 жылдары Венеция биенналіне Грузияның атынан қатысты.

Art Collider қатысушылары Әйгерім Қапар мен Вато Церетелидің «Әлеуметтік өлшемдегі өнер» курсы аясындағы әріптестігі мектеп менторларының курстары және воркшоптарымен диалог орната отырып, үш айлық бағдарлама бойы

әлеуметтік/қызықты/көркем/зерттеу жобаларын құру мен жүзеге асыруға бағытталады.

 

Қатысушының әрбір жеке контексі мен идеясын анықтағаннан кейін, кураторлар оны қоғам мен өзін-өзі ұйымдастыруға тартатын және көздейтін көркем жобаларды құрудың барлық кезеңдеріне бағыттайды.

 

Бұл әріптестіктің теориялық негізі шығармашылықтың әлеуметтік өзгерістер мен өзара байланысқа жол ашуына негіз болған өнер тарихынан мысалдар келтіреді (Йозеф Бойстың «Әлеуметтік мүсіні», Николя Буррионың «Реляционды эстетикасы»). Курстың практикалық бөлігі Орталық Азия көшпенділерінің мәдени, дәстүрлі және әлеуметтік тәжірибелеріне негізделген.

 

Курстың ұжымдық сипаты шығармашылық аспектілерді кеңейтіп, соның ішінде заң, экономика, қоғамдастық, коммуникация және менеджментпен өзара қатынас жасауды қарастырады.

 

Курстың негізгі мақсаты – қатысушылардың мүмкіндіктерін кеңейту, тәжірибе жинау және идея жасақтау дағдыларын меңгеруден бастап, әлеуметтік көркем жоба жасау мен өзін-өзі таныстыруға дағдыландыру.

2. Жылқы баптау және көкпар – дәстүрді қалпына келтіру мен мән табудың отарсыздандыру тәжірибесі

Әлима Бисенова

 

Назарбаев Университеті әлеуметтану және антропология кафедрасының доценті, қала антропологиясы, ислам антропологиясы, интеллектуалды тарих, постотарлық тақырыптарына мамандандырылған. ‘АB Империо,’ ‘Europe-Asia Studies,’  ‘Religion, State & Society,’ Новое Литературное Обозрение мақалаларының авторы. ‘Postcolonial Theory and Its Applications in Eurasia.’ Авторлық курсын жүргізеді.

Постотарландыру, жылқы шаруашылығы - аталған шаруашылықпен тарихи және этнографиялық тұрғыда байланысты өмір салты туралы теориялық және практикалық курс.

 

2020 жылы Қазақстанда жылқы саны үш миллионға жетті. Жылқы саны бойынша біз әлемде 6 орынға иеміз.

 

Десе де үйір-үйір жылқы өсіру Қазақстанда ауыл шаруашылығының немқұрайлы қарастырылатын және аз субсидияланатын саласы. Жылқы шаруашылығы жеке шаруа қожалықтарында ерекше инфрақұрылымсыз өз бетінше дамып келеді.

 

Біздің ата-бабаларымыздың он мың үйір жылқысы Сырдариядан (қыстау) Есіл мен Ертіске (жайлау) маусым сайын көшкен кезеңнен бастап үйір-үйір жылқы өсіру шаруашылығы еш өзгеріссіз сол қалпы қалды.

 

Үйір-үйір жылқы өсіру курсында біз маусымдық жер ауыстыру туралы сөйлесіп, жылқылардың үйірдегі жүріс-тұрысын, бие сауын жұмысын бақылаймыз, бәйге мен көкпарға барамыз. Жылқы өсіруге қатысты орыс-ағылшын тілдерінде этнографиялар оқимыз, сондай-ақ жылқы шаруашылығын бүгінге дейін жандандырған тарихи процестер туралы сөз қозғаймыз.

3. Креативті хат: мәтін арқылы қалай азат болуға болады?

Әлия Қадірова

 

KIMEP және University College London түлегі. Қазіргі уақытта Алматы қаласындағы орта жекеменшік мектепте инновациялық менеджер және орыс әдебиетінің мұғалімі.

Біздің дауысымызға көп нәрсе әсер етеді.

Біз өскен мәдениет, біз дүниеге келгенге дейін оған әсер еткен барша мәдениет, жақын адамдарымыз бен сүйіктілеріміздің дауысы, монитордан шыққан дауыс, дыбыс ұлғайтқыштан шыққан дауыс, айналадағы дыбыстар.

Біздің дауысымыз бұрмаланады, кейде бұзылады, тіпті кейде үнсіз қалып, сосын қайта шығады.

Және бұл дауыс өте құнды.

Курс дәрістерден, оқу материалдары мен шығармашылық тапсырмалардан тұрады.

Дәрістер жанрларға және көркем әдебиеттен мысалдар келтіріп жазу тәсілдеріне арналған.

Тапсырмалар хаттағы мұқтаждықтан арылуға арналған. Бұл өзіңнің ішкі дауысыңды қабылдау процесі.

Онда әртүрлі әсерлер үн қатады; тәжірибемен келген түрлі интонациялар; ол айтатын мәселелер – бәрі дерлік дауыс және ол бәрімізде бар. 

4. Экран және оның материалдығы

Анвар Мусрепов


Алматылық суретші және куратор. Родченко атындағы Мәскеу мультимедиа және фотография мектебін бітірген, қазіргі уақытта Вена Өнер Академиясында диплом бағдарламасынан өтуде. Ол футуризм және деотарландыру, бірегейлік саясаты мен интернет-мәдениетті зерттеу салаларына қызығады. Көркемдік іс-тәжірибесін жалғастыра отырып, Анвар Орталық Азиядағы түрлі онлайн-платформаларда редактор болып жұмыс істеп, заманауи өнер туралы мақалалар шығарады.

Бұл курста визуалды өнердің дамуын негізгі көркемдік құралдың бір контексі ретінде қарастыра отырып видеоны талдаймыз. Теориялық бөлімде біз жылжымалы образдарға қатысты маңызды зерттеулерді, ХХ ғасырдың басындағы авангардтық тәжірибелерді, алғашқы портативті камералар шыққаннан кейін видеоөнердің дамуын және сандық кескіндермен жұмыс істеудің заманауи тәжірибелерін қарастырамыз.

Практикалық бөлімде видеоэссе және видеоинсталляция жасаудың негізгі әдістерін, сондай-ақ нарративпен жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін; табылған және түсірілген материалдармен жұмыс істеу; экспозицияда видеоны көрсету жағдайында кеңістікпен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеретін боламыз. Курс соңында әр қатысушы алған білімдерін практикада қолдана алады және есеп беру жұмысын дайындауға мүмкіндік туады.

5. Walking Philosophy

Кульшат Медеуова

 

Философия ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры. Философ, антрополог, мәдениеттанушы.

Курста адамның қазіргі мәдениеттегі рөлін таразылауға мүмкіндік беретіндей әр сабақ белгілі бір жерде өтіп, перипатетикалық семинарларға ұқсас дәрістерден тұрады. Қазіргі заманауилыққа қатысты теориялық кейстерге «саяхаттау» жоспары көзделген.

 

Тарих, өнертану, өлкетану ұғымы жоқ, тек қана күнделікті өмір және өмірге эпистемологиялық тұрғыдан қарау бар.

6. Ландшафты креативті зерттеу: Ұлытау кейсі

Лейла Бақытова

 

«Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейінің тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану бөлімінің басшысы, Ұлытау ауылындағы «Визит-орталығы» инвестициялық жобасының үйлестірушісі. Ұлытау өлкесі тарихи-өлкетану музейінің экспозициясы тұжырымдамасын жасауға қатысты. Мәдениеттану мамандығы бойынша Phd-докторант. Қазіргі уақытта Жезқазған-Ұлытау аймағының мәдени ландшафтың зерттеумен айналысады.

Курс Ұлытауды негізге ала отырып мәдени ландшафтарды зерттеуден, дәрістер, семинарлар мен пікірталастардан тұрады. Бұл бағдарламада тақырыптар соңғы он жылда Ұлытау мұражай-қорығының тарихи-мәдени мұрасы аясында жүзеге асқан талдамалық және зерттеу жұмыстары мен жобалары бойынша дайындалды.

 

Бұл бағдарламада курс қатысушылары авторлық тақырыптық маршруттар жасау, этнографиялық күнделік пен дескриптивті анализ жүргізу, сондай-ақ Art Collider воркшоптары мен курстарынан алған дағдыларын қолдану мүмкіндігіне ие болады.

7. Кадрлық анимация

Марат Райымкулов

Заманауи өнер мен театрды қатар алып жүрген суретші. 2005 жылдан бері 705 тобының мүшесі (Бішкек). 2011 жылы Венеция биенналесінің Орталық Азия павильонында  Бекетт және Ионеско сияқты драматургтердің негізінде «L'Innomable» арт-жобасын ұсынды. 2014 жылдан бері Бішкек қаласында өтетін жыл сайынғы бірінші сәуір байқауын ұйымдастырушылардың бірі. Заманауи өнерге байланысты  түрлі көрмелерге қатысады. Мәтіндермен, анимациялармен, комикстермен жұмыс істейді. Негізгі көркемдік бағыты – абсурд және экзистенциалдық мәселелері.

Мен анимацияға қатысты қарапайым курс ұсынғым келеді. Анимация меніңше, эмоционалды күй мен бізді қоршаған қоғамдық процестерді жинақтау құралын ұсына алады. Бұл батарея сияқты. Өзінің ашулы, үмітсіз, күлкілі - бар қуатын батареяға айналдырып, жақсы күндер туғанша тоңазытқышта салып тастағаны іспетті. Кейін керек болып қалар! Бұл батарея біздің серпілісімізді, естеліктерімізді, ашу-ызамызды, күлкімізді – бәрін сақтап тұр және ешкімге кедергі келтіріп жатқан жоқ.

 

Мен өзім бұл тәжірибені 2005 жылдан бастап қолданамын. Менің жаттығуларымды youtube арнамнан көре аласыздар:

(https://www.youtube.com/playlist?list=PLuZPR79qhcaw1crfwb2RqdUiC33Xzo_Nz)

 

Бұл тәжірибе суретті тірілту сияқты анимация «өндірісінің» шекарасын бұзады. Сол себепті бұл студиялық практика я ұжымдық жұмыс емес, бұл ұжымдық практиканың жеке жинағы болар. Бұл иллюстрация емес, бұл - жинақ. Бұл өткір сезімдерді іс-әрекетке, үздіксіз қолдануға мүмкіндік беретін жылжымалы суретке айналдыру мүмкіндігі.

Тіпті анимацияның ең қарабайыр түрін орындау үшін де анимацияның қарапайым әдіс-тәсілдерін білген жөн. Осы воркшоп жоғарыда аталғандарды жүзеге асыруға жол ашатын қарапайым анимация әдістерімен таныстыруға бағытталған.

8. Ассертивті мінез-құлық немесе тең болу мүмкіндігі

Надежда Зубова

 

Психолог, гештальт-терапевт, коуч (ICF), бизнес-тренер, AlmaU-да MBA бойынша оқытушы, адам санасы қалай эволюцияланады және ересек қалай есейетінін түсіндіруге тырысатын дебриффер.

 

Надежданың негізгі тақырыбы: «Өзіндік эмпатия эмпатияның кілті ретінде. Қабылдау әркімнің өзінен басталады».

Курс бір-бірін жақсы түсінуге, саналуан дүниелерден қуаныш сезінуге бағытталған. Өзімізді және әлеммен қарым-қатынаста жетілмеген стратегияларымызды тауып, анықтау арқылы, өзіміздің мінсіз еместігімізді қабылдауға үйрену арқылы, біз басқа адамдардың кемшіліктерін қабылдауға, олардың қажеттілік стратегияларынан қанағат алуға ұмтылатындарын түсінуге үйренеміз. Біз эмпатия туралы және ересек адамның санасы қалай эволюцияланатыны туралы айтатын боламыз. Адамның ниетіне көз тастай алу, менің жеке ережелерім мені еркіндігімнен қалай айыратынын және өзгелерге өзімнің шектеу призмаларым арқылы қарап, оларды еркіндігінен қалай айыратынымды байқау.

9. ХХ-ХХІ ғасыр басындағы Орта Азия өнері

Нигора Ахмедова

 

Доктор искусствоведения, 

профессор, специалист по истории и теории искусства Узбекистана и стран Центральной Азии, куратор выставок современного искусства. Живет и работает в Ташкенте.

Дәрістер курсы Орталық Азия аймағының өнеріне арналады, бұл аймақ өнері  бір ғасыр ішінде (ХХ) өзгерістер, қарама-қайшылықтар, эстетикалық кикілжіңдерді бастан кешірді, бұл өз кезегінде живопись, мүсін өнері, графикада түрлі нұсқалар мен стильдердің пайда болуына жол ашып, жаңа технологиялар арқылы (фото, видео) үн қатты. Дәрістерде ненің классикаға айналғаны, уақыт өте келе ненің басымдыққа айналатыны туралы сөз болады.

10. Деректі фотография

Эльёр Немат

Деректі фотограф, кинорежиссер және график суретші. Ташкент қаласында тұрады. The Guardian, The Wall Street Journal, The Telegraph, LE MONDE, Meduza  сынды т.б басылымдарда жарияланады. «Я иностранец», «Папа придет завтра», «Мое имя женщина», «Украденная весна», «Невидимые герои» сынды т.б деректі жобалардың авторы. Эльер Getty Images, NOOR images, OSF, Soros Foundation, UNICEF, IWPR, UNDP, UNFPA, IOM, Internews, USAID, ADB, World Bank, Discovery Channel, FIFA т.б агенттіктермен әріптестік орнатқан. Қазіргі уақытта Орталық Азиядағы түрлі жобалар бойынша жұмыс істейді.

Деректі фотография әлеуметтік және экологиялық әділеттілікті, адам құқығы, құндылықтарды қайта бағалау, өткен шақ пен осы шақты таразылау тұрғысынан зерттеу және әңгімелеудің визуалды жанры. Воркшопта біз деректі фотографияда мультимедиамен айналысамыз, сторителлингте кескіндер мен метафоралар құрамыз.

11. Перформанс. Тән құрал ретінде

Оля Кройтор

 

Суретші-перформанс жасаушы, Кандинский жүлдесінің, Бродский атындағы шәкіртақы қорының, «Гараж» Заманауи Өнер Музейінің лауреаты. Мәскеуде тұрады және жұмыс істейді.

Курс барысында біз перформанстың не екенін талдаймыз, негізгі «тірек құрылымдарын» ұғындыратын алгоритмін түсінуге тырысамыз. Менің міндетім – перформанс туралы айтып қана қоймай, бірінші кезекте, форма мен мағынаның қызықты ойынына үйрету. Сабақ барысында теориялық бөлім де, практикалық бөлім де (ойын түрінде) болады.

12. Қазақ музыкасы: бірегейлік мәселелері

Саида Елеманова

 

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы музыкатану және композиция кафедрасының профессоры. Өнертану кандидаты, доцент. ҚР композиторлар Одағының Мүшесі, екі мәрте Мәдениет қайраткері атағын алған (2004 және 2009 жылдары), Түркітілдес әлем музыкасы – дәстүрлі музыка бойынша Халықаралық Кеңесі – ICTM зерттеу тобының вице-төрағасы, Қазақстан Республикасы Материалдық емес мәдени мұра жөніндегі Ұлттық Комитетінің мүшесі.

Автордың пікірінше, өнертану және соның аясында музыкатану қоғамда болып жатқан музыкалық-мәдени процестердің перспективасы мен бағытын түсіндіруге арналған, себебі музыка өзінің күрделі тарихы мен қоғам өміріндегі маңызы өзгергеніне қарамастан, адамның мәдени қызметінің ең басты, ең эмоционалды жақын шығармашылық, дағдысы болып қалды.

 

Саида Еламанованың дәріс және семинарлар курсы Қазақстандағы өткен ғасырға және қазіргі кезеңге тән қоғамдық пікірлермен, жетістіктермен және адамдардың шығармашылығымен танысуға мүмкіндік береді.

 

Курстың тақырыптары – музыкадағы отарлау туралы; ауызша мәдениет және жазба мәдениеті; жонглер, шпильман, сайқымазақтар мен ақындар, сал-серілер туралы; музыка тілі – бар ма әлде жай ғана метафора ма; музыкадағы ауызша дәстүрдің кәсібилігі туралы қамтиды.

13. Эмоционалды тепе-теңдік

Шарапат Султаналиева

 

Терең бағыт бойынша психолог – юнгтік аналитик, Рейки Шебері, Колина Типпинаның «Радикальное прощение» әдісі бойынша Коуч. Жеке тұлғалық даму, трансформациялық ойындар және терапевтік топтардың жетекші тренингі. Халықаралық эко-байқаулардың спикері, T/V эксперт-психологі, фототерапевт. «Sharapat_space» кеңістігінің негізін салушы.

Курс әр қатысушының саналылық деңгейін көтеруге, өз-өзін, өз эмоцияларын түсінуге, өз уақыты мен энергиялық әлеуетін басқара алуға бағытталған.

Өзіндік рефлексияны дамыту, гибридті шынайылыққа назарын шоғырландыра алу.

Тыныс алу, тамақтану, ұйқы және т.б физикалық қажеттіліктердің табиғи ырғағын қалпына келтіре алу.

14. Дешті Қыпшақ көшпенділерінің құпиясы

Зарина Мұқанова 

 

Швейцарияның Цюрих Университетінде және Германияның Халле қаласындағы Әлеуметтік Антропология институтында әлеуметтік антропология бойынша PhD кандидаты. Қазақстан мен Орталық Азиядағы көшпенділердің тектік теориясы мен гендер мәселелерін зерттейді.

 

Жақсылык Сәбитов

 

Web of Science, Scopus және РҒДИ (Ресей Ғылыми Дәйексөз Индексі) мәліметтер базасы бойынша Қазақстан тарихшыларының үздік үштігіне кіреді. «Лидер науки»-2016 тәуелсіз халықаралық марапатының «Статьи Казахстана в журналах с высоким импакт-фактором» аталымы бойынша лауреаты,  Web of Science Award «Лидер науки»-2020 халықаралық тәуелсіз марапатының «За публикационную активность в гуманитарных науках» (25.11.2020) аталымының лауреаты.

Біз Дешті Қыпшақ даласында өмір сүрген көшпенділердің кім болғанын айтқымыз келеді. Біз көшпенділердің ұйымдастығы, олардың өмір сүру қағидалары мен стратегиялары қалай және неге негізделгенін сөз етпекпіз. Мыңжылдықтар бойы олар қалайша және неліктен отырықшы көршілері үшін ең қуатты және қауіпті көршілердің бірі болып қалды, бірақ соған қарамастан биліктен не үшін айрылды?

 

Көшпелі қоғамда әйелдің рөлі қандай болды және неге көшпенділердің ДНҚ-да отырықшы көршілерімен ұқсас гендер бар, ал отырықшы халықтарда көшпенділердің гені неге мүлдем кездеспейді? Біз сондай-ақ даладағы гендерлік мәселелер мен дала феминизмі тақырыбын талдайтын боламыз.

15. Нәзік шу, радикал тыныштық

Юля Шарифуллина

 

Клиникалық психолог, психоакустиканы зерттеуші және далалық жазбалармен, табылған дыбыстармен жұмыс істейтін дыбыс суретшісі.

 

Стас Шарифуллин

Дыбыстың мәдени контекстерімен жұмыс істейтін композитор және суретші, филология ғылымдарының кандидаты.

Юля және Стас Шарифуллиндер – «Невозможные территории» жобасының қатысушылары. Олар воркшоптар мен зертханалар өткізеді, дыбыстық қала жағдайында көркем зерттеулер және сайт-ерекше перформанстар ұйымдастырады. Жоба сессиялары Ресейдің түрлі қалаларында: Сібірден Оралға дейін (Ельцин-Центр), Петербургта, Мәскеуде (V-A-C Foundation, MIEFF және т.б), сондай-ақ Германияда, Италияда, Бельгияда, Арменияда, Грузияда т.б өтті.

«Невозможные территории»  Зертханасы.

«Невозможные территории» – бұл әртүрлі пәндер тұрғысынан күнделікті өмірдің дыбыстық тәжірибесін зерттеуге арналған пәнаралық зерттеу алаңы: мұнда қабылдау психологиясынан эволюциялық биология мен мәдени антропологиядан өнер тарихына дейін, сын теориясы мен философиясына дейінгі мәселелер қаузалады.

Бұл дыбыстық экология мен шудан ластану мәселелерін қарастыра отырып және осы практиканы қолданып қаланың акустикалық кеңістігін қайта меншіктейтін зерттеу және көркемдік тәжірибелер Зертханасы. Жұмыстың негізгі бағыты жаулап алудың өзекті цифрлық технологияларын, дыбыстық артефактілерді бақылау және редакторлауға бағытталады. 

Басталуы - 2021 ж. 6 шілде.