art c open call_Монтажная область 1 copy.jpg

Steppe Space: Art Collider бағдарламасына Open call

Бағдарламының өту кезеңі:

шілде-қыркүйек айлары, 2021 жыл.


Өтінімдерді қабылдау мерзімі:

2021 жылдың 3-ші шілдесіне дейін.

Форматтары:
● онлайн-дәрістер
● офлайн-кездесулер
● семинарлар
● пікірталастар
● воркшоптар
● алаңдық зерттеулер

Қатысу шарттары:
● 18+
● компьютер
● тұрақты интернет
● фото/видео камераның болғаны жақсы
● смартфон
● сабақтарға қатысу мүмкіндігі (аптасына 3-4 рет, 4-5 сағаттан)
● Алматы, Астана немесе Балқаш қалаларында болуы шарт

Steppe Space: Art Collider мектебіне қатысу үшін Алматы, Астана, Балқаш қалаларынан суретшілерді, ақындарды, режиссерлерді, дизайнерлерді, фотографтарды, музыканттарды, жазушыларды, сәулетшілерді, зерттеушілерді және мәдениет, өнер, ғылым мәселелері мен практикасына қызығушылық танытатын өзге де тұлғалары шақырамыз.

Эксперименттік интенсивті 3 айлық бағдарлама аясында қатысушылар гибридті форматта (онлайн/оффлайн) мектеп кураторларымен, тьюторларымен, медиаторлар және менторлармен дәрістер, пікірталастар, семинарлар, воркшоптар, бірлескен серуендер мен саяхаттар, шеберханаларға бару, суретшілермен, зерттеушілермен кездесу арқылы әріптестік орнатады.

Steppe Space: Art Collider әлеуметтану, заманауи өнер, антропология, экология, философия, психология, тарих және менеджмент сияқты білім салалары бойынша теория мен практиканы қамтитын курстардан тұрады.

Бағдарлама жергілікті білім теориясын құруға, мәдени ландшафт пен мұраларды зерттеуге, білім беру процесінде қатысушылардың көркемдік/ зерттеу /әлеуметтік жобаларын құруға және жүзеге асыруға бағытталған.

Оқу тегін. Бізге сіздердің белсенділіктеріңіз бен іс-шараларға толықтай қатысуларыңыз маңызды. Бағдарлама интенсивті: кездесулер мен сабақтар онлайн және офлайн форматта аптасына 3-4 рет күніне 4-5 сағаттан практикалық тапсырмалар негізінде өтеді.

Команда:
Куратор – Әйгерім Қапар

Тьютор – Вато Церетели
Медиатор – Әсел Мұқашева
Арт-менеджер – Дәрия Темірхан

Steppe Space: Art Сollider 2021 мектебінің бағдарламасы*

 
 

Әлеуметтік өлшемдегі өнер

Дешті Қыпшақ көшпенділерінің құпиясы

ХХ-ХХІ ғасыр басындағы Орта Азия өнері

Ассертивті мінез-құлық немесе тең болу мүмкіндігі

Philosophy Walking

«Деректі фотография» воркшобы

Жылқы баптау және көкпар – дәстүрді қалпына келтіру мен мән табудың отарсыздандыру тәжірибесі

Эмоционалды тепе-теңдік

Қазақ музыкасы: бірегейлік мәселелері

«Креативті хат: мәтін арқылы қалай азат болуға болады?» воркшобы

 «Кадрлық анимация» воркшобы

 Көркемдік зерттеу

 «Нәзік шу, радикал тыныштық» лабораториясы

Перфоманс. Дене құрал ретінде

Әйгерім Қапар және Вато Церетели

Зарина Мұқанова және Жақсылык Сәбитов

Нигора Ахмедова

Надежда Зубова

Кульшат Медеуова

Эльёр Немат

Әлима Бисенова

Шарапат Султаналиева

Саида Елеманова

Әлия Қадірова

Марат Райымкулов

Лейла Бақытова

Юля және Стас Шарифуллиндер

Оля Кройтор

* Бағдарламаға өзгеріс енуі мүмкін.

 Art Collider манифесті

 

Art Сollider

Өнер ғылым және технологиялармен тоғысып, қауымдастықтарды біріктіреді

Мектеп өз идеясын Орталық Азияның сантүрлі шынайы бейнелері мен әр түрлі кеңістіктердегі ауыларалық өзара байланыс арқылы жүзеге асырады.

Біз Artcom Platform-да 2015 жылдан бастап өнер бастамаларына, пәнаралық зерттеулерге және әлеуметтік бағдарлы жобаларға қатысатын әрі баулитын қауымдастықпыз.

Өнер жасау, өзіміз өмір сүріп отырған ортада білім беру қажеттілігі туындағаннан кейін 2017 жылы күш-қайратымызды біріктірудің нәтижесінде Art Collider мектебі құрылды.

Біз тең тәжірибе алмасу және бірлескен іс-тәжірибе арқылы қауымдастықтың өзекті процестердегі, өзгерістер мен инновациялардағы әлеуетін іске асыру үшін қолжетімді бұқаралық деңгейлес құрылымды білім беруді ұйымдастырамыз.

Біз әрекет ету арқылы үйренеміз. Біз үшін білім беру ортасы, бастамаларымыз бен жауапкершілігіміз өзіміз жұмыс істейтін экологиялық, мәдени, тарихи және әлеуметтік контекстерге араласып,  оларды түйсінуден қалыптасатын жағдайларға байланысты.

Біз бірлесе отырып қазақ және орта азиялық қоғам мен экожүйелердің ұжымдық

бағдарлауы мен жасампаздығына, болашағының өзгеруі мен дамуына үлес қосуға тырысамыз.

Ашық және тең деңгейлі білім тарихи, мәдени және қоғамдық тәжірибенің бір бөлігі ретінде жекедара қалыптасып, бірінші кезекте оған мүдделі тұлғалармен бірге уақыт, кеңістік және контексте жеңіл тұжырымдық бейімделу мен ұйымдастырушылық бейімделуді ұдайы қайта қарауды қажет етеді.

 

Осы процестер арқылы Art Collider мектебі  Artcom Platform қауымдастығына іс-шараларды тұжырымдау және өзекті ету мәселесіне үлес қосты, бұл өз кезегінде: "Уақыт және Астана: Келешектен кейін", ҚР Ұлттық мұражайы, (2017), "Келер шындық", Energy Hall, (2017), "Естеліктер. Өткенмен сырласу", Кубрин үйі /TSE Art Destination (2019), “Art Collider. Өзара байланыс кеңістігі. Өнер, ғылым және қала”, Nur-Alem (2020), "SOS Taldykol бастамасы" (2021), "Балқаш көлінің құпиясы" (2021), және т.б. зерттеу жобалары мен көрмелерінің өтуіне негіз болды.

 

2021 жылы Art Collider мектебі Әйгерім Қапар және Вато Церетелидің қатысуымен «Өз мектебіңді құр» бірлескен воркшобы барысында 3 айлық интенсивті бағдарламаға айналып: Ануар Дүйсенбинов, Асель Мукашева, Сельби Джумаева, Арман Сайн, Аружан Жумабек, Аида Исаханкызы, Гали Ахметов, Диана Кудайбергенова, Анвар Мусрепов, Константин Куприев, Мадина Саргали, Медина Базаргали, Олеся Котова, Султан Мусахан, Руслан Кастанилармен әріптестік орнатты.

 

Қатысушылар: Бектур Искендер, Руслан Уразалиев, Султан Мусахан, Зарина Муканова, Narendra Radhunath, Jesse Vogler.

 

Қолдау көрсетуші: Kusto Group

 
Қатысуға өтінім жіберу
arrow&v

Ақпарат жіберілді. Рақмет!

Open Call жабық.

 

Steppe Space: Art Сollider бағдарламасын өткізу. Kusto Group қорының қолдауы және Artcom Platform қауымдастығы көрсеткен қамқорлықтың арқасында жүзеге асты.

Постер авторы: Анжела Белоусова, Ляззат Ханим.

Барлық сұрақтар бойынша: artcollider@steppespace.com, +77002690204 (Telegram) хабарласыңыздар.